Бортта болған 9 адамның бәрі көз жұмған
Малави Республикасының вице-президенті Саулос Чилима ұшақ апатынан қаза тапты.
The Sun газетінің хабарлауынша, онымен бірге ұшақ бортында болған 9 адамның бәрі көз жұмған.
Вице-президент, құрметті доктор Саулос Клаус Чилиман мінген ұшақ Чикангава орманынан табылды. Өкінішке қарай, ұшақ бортындағы адамдардың барлығы қаза тапты, – деп хабарлады Малави Президент әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған The Sun.
Малави басшысы Лазарус Чаквера бүгіннен бастап жерлеу рәсіміне дейін ұлттық аза тұту жариялады. Ұшақта 1994-2004 жылдар аралығында елді басқарған Бакили Мулузидің әйелі Патриси Шанил Мулузи де болған.
Бұл ел Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан. Жер аумағы – 118,48 мың шаршы шақырым. Халық саны – 19,687 млн адам. Астанасы – Лилонгве қаласы. Ресми тілдері – ағылшын және ньянджа. Халқының 40%-ы – христиан, 20%-ы – мұсылман, 40%-ы – жергілікті наным-сенімдерді ұстанушылар.