Halyq Uni логотип
×

Малавидің вице-президенті ұшақ апатынан қаза тапты

Бортта болған 9 адамның бәрі көз жұмған

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2024 | 12:31
Малавидің вице-президенті ұшақ апатынан қаза тапты
Фото: starhit.ru

Малави Республикасының вице-президенті Саулос Чилима ұшақ апатынан қаза тапты.

The Sun газетінің хабарлауынша, онымен бірге ұшақ бортында болған 9 адамның бәрі көз жұмған.

Вице-президент, құрметті доктор Саулос Клаус Чилиман мінген ұшақ Чикангава орманынан табылды. Өкінішке қарай, ұшақ бортындағы адамдардың барлығы қаза тапты, – деп хабарлады Малави Президент әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған The Sun. 

Малави басшысы Лазарус Чаквера бүгіннен бастап жерлеу рәсіміне дейін ұлттық аза тұту жариялады. Ұшақта 1994-2004 жылдар аралығында елді басқарған Бакили Мулузидің әйелі Патриси Шанил Мулузи де болған.

Бұл ел Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан. Жер аумағы – 118,48 мың шаршы шақырым. Халық саны – 19,687 млн адам. Астанасы – Лилонгве қаласы. Ресми тілдері – ағылшын және ньянджа. Халқының 40%-ы – христиан, 20%-ы – мұсылман, 40%-ы – жергілікті наным-сенімдерді ұстанушылар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама