Көктөбедегі телемұнараға найзағай түсті (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Кеше ғана қалалық төтенше жағдайлар департаменті дабылды ескерту жасаған болатын

фото: Instagram/shavarev_

Бүгін таңертең Алматыда қолайсыз ауа райы болды. Күннің қатты күркіреуі қала тұрғындары мен қонақтарын тіпті шошытқан. Осы сәтте жергілікті фотограф Александр Шаварев Көктөбе тауындағы телемұнараға найзағай түскенін түсіріп үлгерген.

Шаварев видеоны Instagram-дағы жеке парақшасына жариялады.

Көк-Төбе телемұнарасына найзағай түсті, 13.06.2024, - делінген бейне сипаттамасында.

Еске сала кетсек, кеше ғана қалалық төтенше жағдайлар департаменті дабылды ескерту жасаған болатын. Мамандар Алматыда 13 маусымда найзағай ойнап, екпінді жел күтілетінін хабарлады.