Садақ атудан ұлттық құрама Әлем кубогына қатысады

Дастан Жұмабекұлы

Команданы Түркияға Ильфат Абдуллин бастап барады

Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

18-23 маусым аралығында Түркияның Анталья қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі өтеді.

Ұлттық құрамада ел намысын садақ атудың классикалық түрінен Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко, Алина Ильясова, Диана Тұрсынбек, Елизавета Авдеева, садақ атудың блок түрінен Бунед Мирзаметов, Андрей Тютюн, Адель Жексенбинова қорғайды.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы – Артем Кичкин.

Жарысқа барлығы 62 мемлекеттен 285 мерген қатысады. Іріктеу 4 күнге созылады. Ал финалдар 22-23 маусымға белгіленген.