Halyq Uni логотип
×

Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады

Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медальді иеленді

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2024 | 09:07
Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады
Фото: olympic.kz

Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады.

Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медальді иеленді. Екінші орынды 2 алтын, 1 күміс иеленген Тайпей командасы алды. Үшінші орынға 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея ие болды.

Сонымен бірге Азия чемпионатында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары бір-бір алтын жүлдеден жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы аралас командалық эстафетада (Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова), жасөспірімдер арасындағы аралас командалық эстафетада (Батырхан Алик, Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный, Ангелина Буренкова, Евгения Заам және Екатерина Удовыкина), ерлер арасындағы жекелей сында (Евгений Федоров), жасөспірім қыздар арасындағы жекелей жарыста (Мария Елькина), андерлер арасындағы жекелей бәсеке (Николя Винокуров) мен андер қыздар арасындағы жекелей жарыста (Ақпейіл Өсім) алтын медаль иеленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама