Евгений Федоров велоспорттан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Дастан Жұмабекұлы

Алтын жүлдені Ыро Ким (Корея Республикасы) иеленді

Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Алматы қаласында тасжолдағы велоспорттан өтіп жатқан Азия чемпионатында Евгений Федоров қола медальді жеңіп алды.

Соңғы жарыс күнінде ерлер 151 шақырым топтық сайыста сынға түсті. Онда ұлттық құраманың спортшысы Евгений Федоров (3:21:46) мәреге үшінші болып жетті. Алтын жүлдені Ыро Ким (Корея Республикасы), күміс медальді қытайлық атлет Сянджин Лью иеленді.