Мұхаммед Әлидің немересі қарсыласынан 2-раундта жеңіліп қалды
Ал ағасы Нико Уолш 5 жекпе-жектің бәрінде (төртеуі нокаут) жеңіске жеткен
Мохаммед Әлидің немересі Бьяджо Али Уолш Монтанадағы Fusion Fight League әуесқой турнирі аясында өткен аралас жекпе-жектің (ММА) дебюттік жекпе-жегінде Девин Ротвелден жеңіліп қалды.
Бұл ретте Бьяджо Али Уолш қарсыласы 2-раундта тұншығу тәсілін қолданған сәтте беріле салды.
Айта кетсек, 23 жастағы Али Уолш бұрын студенттік командада футбол ойнаған. Аралас жекпе-жекке енді қатысып жүр. Ал ағасы Нико Уолш – орта салмақтағы кәсіпқой боксшы. 21 жастағы спортшы 5 жекпе-жектің бәрінде (төртеуі нокаут) жеңіске жеткен.