Ресейде Қазақстанға жеткізілетін есірткі тәркіленді – ҰҚК
250 литр «метамфетамин» сусындарға жасырылған
Ресейдің Мәскеу қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті көршілес мемлекеттердің арнайы қызметтерімен бірігіп, елімізге тасымалдануға тиіс болған есірткінің көп партиясын тәркіледі
Мәскеу облысында есірткіні елімізге жеткізу кезінде трансұлттық есірткі тобының адамдары ұсталды. Олар 250 литр «метамфетаминді» сусындарға жасырған. Сондай-ақ ұсталған адамдардан сұйықтықтан есірткі алуға арналған жабдық тәркіленді, – деп хабарлады ҰҚК.
Биыл жыл басынан бері ҰҚК шетелдік әріптестермен бірігіп, есірткі тасымалдаудың жолдарын анықтап, күдіктілерді ұстады. Жалпы алғанда, есірткі тасымалдаудың 19 бағыты анықталды. Заңсыз айналымнан 400 келіден астам есірткі заттары мен 4 тонна көкнәр сабаны тәркіленді.