×

Кирилл Герасименко үстел теннисінен Олимпиада жолдамасын алды

Спортшы іріктеу кезеңдерінде көп ұпай жинаған

 Дастан Жұмабекұлы 12.06.2024 | 11:53
Фото: olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Олимпиялық ойындарға жолдама жеңіп алды.

Ол енді іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша Олимпиадаға қатысады.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде теннисші құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр. 

Айта кету керек, Герасименко осымен үшінші рет Олимпиялық ойындарға жолдама алып отыр. Ол Рио-2016 және Токио-2020 ойындарына қатысқан.

Қазір елімізде Олимпиадаға спорттың 22 түрінен 71 лицензия бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама