×

Ресей Қарулы күштері Киевті атқылай бастады

Шаһарға бірнеше зымыран бағытталып, олардың біреуі атып түсірілген

 Еркеғали Болатұлы 06.06.2022 | 09:58
фото: zerkalo42.global.ssl.fastly.net

Жалпы, сәуір айынан бері Украина астанасын зымыранмен атқылау жағдайы алғаш рет болып отыр.

Зымырандар шаһардың екі ауданындағы инфрақұрылымдық нысанға түсіп, 1 адам жарақаттанып қалды. Қаза тапқандар жоқ.

Украина әскерилерінің хабарлауынша, шаһарға бірнеше зымыран бағытталып, олардың біреуі атып түсірілген.

Бұл ретте Ресей Қорғаныс министрлігі қала шетінде әскери техникалар болғанын айтады. Ал Украина тарапы «соққы ешқандай әскери нысанға бағытталмаған» деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама