×

Жаңа мешіттің ашылу салтанаты қайғылы оқиғамен аяқталды

Спортшылар мінген жүк көлігі өзге жүк көлігімен соғысып, 3 адам қаза тапты

 Халық үні 11.06.2024 | 23:48
Фото: inform.kz

Қарағанды-Балқаш тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Жеңіспен оралған 3 көкпаршы қаза тапты. Бұл туралы ZTB хабарлады.

Спортшылар мінген жүк көлігі өзге жүк көлігімен соғысып, 3 адам қаза тапты.

«Қарағанды облысындағы Қарғалы ауылында жаңа мешіт ашылу құрметіне ұйымдастырылған көкпар жарысынан жеңіспен қайтып келе жатқан спортшылар жол апатына ұшырады. Меркі көкпар командасының спортшылары Қарқаралыда өткен республикалық көкпар турнирінен соң жолға шыққан», - делінген ақпаратта.

Екі спортшы жансақтау бөлімінде жатыр. Споршылармен бірге келе жатқан жылқылардың барлығы өлген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама