×

Жол бойында электр көлігін қуаттайтын 40 жаңа станса орнатылады

Жалпы елімізде 220 станса болады

 Дәурен Ерболат 11.06.2024 | 19:39
Фото: Halyq Uni

2024 жылы республикалық маңызы бар жолдардың бойында электр көлігін қуаттайтын 40 жаңа станса орнатылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстандағы электр көлігін қуаттайтын стансалардың жалғыз операторы – KAZENERGY компаниясы.

Сондықтан бұл мәселе пысықталып жатыр. Бүгінде 150 станса орнатылды. Оның 50-і республикалық маңызы жолдардың бойында тұр. Негізгі дәліз ретінде Астана-Алматы, Петропавл, ШҚО, Алматы облысы, Жетісу бағытын қарастырамыз, - деді Дархан Иманашев Көлік министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол аталған жобаны тезірек іске асыру үшін «ҚазАвтоЖол» және KAZENERGY арасындағы қол қойылатынын атап өтті. Сондай-ақ биыл жол бойында электр көлігін қуаттайтын 40 жаңа станса орнатылады.

Алдын ала олардың жоспары бойынша жалпы Қазақстан бойынша шамамен 220 станса орнату керек. Оның 90-100-і республикалық маңызы бар жолдың бойында болады. Биыл осы стансаның 40-ы орнатылады, - деді басқарма төрағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама