Биыл ондағы жолдарды жөндеуді көп қаржы бөлінеді
Көлік министрі Марат Қарабаев сапасы сын көтермейтін жолдар қайда екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ең жаман жолдар Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында. Сондықтан Батыс Қазақстанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ақша бөлініп жатыр. Ол жақтағы жолдар қалыпқа келтіріледі. Басқа өңірлермен салыстырғанда көбірек қаржы бөлініп жатыр. Жолдардың жағдайы төмен: 2024 жылғы жағдай бойынша көрсеткіш – 36%, – деді Марат Қарабаев.
Бұған дейін жолы ең нашар өңірлердің рейтингі жарияланған еді.