×

Өскеменде сарбаз суға батып бара жатқан қызды құтқарды

Жауынгердің әрекеті елеусіз қалмайды

 Дәурен Ерболат 11.06.2024 | 16:39
фото: vk.com/public_tomsk_police

Өскеменде Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан қызды құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалада еңбек демалысында жүрген №6699 әскери бөлімінің сарбазы Жанасбек Пермабек жолдасы Дәурен Тоқтағановпен бірге Үлбі өзеніне батып бара жатқан бойжеткенді көрген. Ол айғайлап көмек сұраған.

Олар іле-шала көлікке отырып, Үлбінің арғы бетіне жедел жеткен. Осылайша, суға батып бара жатқан қызды өлімнен құтқарып қалған.  

Бойжеткен өзенде талды ұстап, әрең тұрды. Мен талдың бойымен жағалап жүзіп, қызды жағаға қарай сүйредім. Өзеннің ағысы қатты болды. Дәгенмен бәрі сәтті аяқталды, - деді №6699 әскери бөлімінің ефрейторы Жанасбек Пермабек.

Алдағы уақытта сарбаз Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бұйрығымен марапатталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама