×

Байқоңырға заңсыз кірмек болған француздардың бірі көз жұмды

Олар тасжолға шығып, айдаладағы биік ғимараттарға қарай бет алған

 Еркеғали Болатұлы 11.06.2024 | 15:50
фото: ru.apa.az

Францияның екі азаматы ғарыш айлағына заңсыз кіруге тырысып, олардың біреуі жолда шөлден қайтыс болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Шетелден келген экстремал туристердің көбі Байқоңырға заңсыз кіруге тырысып жатады. Екі француз да осы жолды таңдаған.

Францияның екі азаматы ғарыш айлағына заңсыз кірмек болған. Екеуі «классикалық» жолды таңдапты. Тасжолға шығып, айдаладағы биік ғимараттарға қарай бет алған. Жолда біреуі өзін нашар сезінген, - деді агенттікке оқиғаны білетін адам.

Екінші француз досына көмек бере алмай, тасжолға қарай кері жүгіреді. Тасжолға жетіп, өтіп бара жатқан көлікті тоқтатқанша, жағдайды түсіндіріп, көмек шақырғанша далада жатқан досы шөлден қайтыс болған. Маусым айында Байқоңырда ауаның орташа температурасы +33 градусқа дейін барады.

Айта кетсек, былтыр ғарыш айлағына жақын тұрған қалаға кіру тәртібі туристер үшін жеңілдетілген. Соған қарамастан Франциядан ұшып келген екі шетелдік турист оған заңсыз кірмекші болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама