×

ҚФФ «Қайрат» футзал клубына айыппұл салды (ВИДЕО)

Команданың қақпашысы Лео Игитаның басы дауға қалды

 Дастан Жұмабекұлы 11.06.2024 | 15:30
Фото: видеодан кадр

Астанада Қазақстан футбол федерациясы Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтіп, қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан «Қайрат» футзал клубы ойыншыларының мәселесі қаралды.

Отырыстың қорытындысы бойынша «Қайрат» АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. ҚФФ айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет деген шешімге келді.

Сонымен бірге «Қайрат» АФК бас директоры Әсем Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция салынсын деген шешім шығарылды.

«Қайрат» АФК араңдатушыларды тауып, түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелсін. Нәтижесін 2024 жылдың 24 маусымына дейін хабарласын, - деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

Еске сала кетсек, «Қайрат» футзал клубының қақпашысы, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Лео Игита автобусқа кіріп бара жатқанда бір топ жанкүйердің жерге жайылған «Ақтөбе» мен «Астана» клубтарының аты жазылған жалау мен мойыншалманы таптап кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама