Halyq Uni логотип
×

Жезқазған қаласында АЭС салу мәселесі қаралып жатыр

«Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігі талқылаулар өткізді

 Дастан Жұмабекұлы 11.06.2024 | 15:19
Жезқазған қаласында АЭС салу мәселесі қаралып жатыр
Фото: promufta.ru

Былтыр 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысы елімізге атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болғанын хабарлаған еді.

Осыған байланысты Жезқазған қаласында АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында қаланың «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жария талқылаулар өтті.

Жария талқылауларға өңір тұрғындары, жергілікті қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, Қазақстан халқы Ассамблеясының, шағын, орта және ірі бизнестің, жастар және үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, жергілікті белсенділер, экологтар, энергетиктер мен басқа да азаматтар қатысты.

Спикерлер ретінде Энергетика министрлігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ басшылары сөз сөйледі.

Спикерлер өз сөзінде қазір Қазақстанның энергетика секторындағы басым бағыттардың бірі атом энергетикасын дамыту екенін атап өтті. Электр энергиясын тұтынудың өсуін ескере отырып, Қазақстан елдің қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жаңа базалық қуаттарды іске қосуды қажет етеді. Энергетика секторында қолданылатын технологияларды дамыту кезінде АЭС шығатын қуаттарды ауыстырудың ең перспективалы шешімі болып отыр. Сонымен қатар, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту үшін барлық артықшылықтары бар.

Елде шикізат пен өндірістік базаның болуы атом энергетикасын дамытудың барлық алғышартын жасайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама