Halyq Uni логотип
×

Боксшылар кезекті халықаралық турнирге дайындалып жатыр

Қазір жастар құрамасы Түркістан облысындағы «Алматау» спорт базасында жаттығуда

 Дастан Жұмабекұлы 11.06.2024 | 15:09
Боксшылар кезекті халықаралық турнирге дайындалып жатыр
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан жастар құрамасы Түркістан облысында орналасқан «Алматау» спорт базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлады Бокс федерациясы.

Бұл оқу-жаттығу жиыны 9 маусымда басталды. Ол 23 маусымға дейін жалғасады. Жиынға келген боксшылар 24-28 маусым аралығында Шымкентте өтетін Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирге қатысады.

Турнирде 7 мемлекеттің өкілдері күш сынасады. Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасымен бірге Грузияның боксшылары да қатысып жатыр.

Сонымен қатар, жаттықтырушылар кеңесі Астанада өткен Азия чемпионатының қорытындысы бойынша кейбір салмақ дәрежесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Сондықтан Шымкенттегі жарыста өнер көрсететін боксшыларды жіті бақылайды.

14 күндік оқу-жаттығу жиыны кезінде боксшылар жаттығу және бокс залында шынығады. Айналмалы жаттығу өткізіп, тауға да шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама