Halyq Uni логотип
×

Атырауда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұзақ жылға сотталды

17-30 жас аралығындағы 5 адамнан 1 келі 200 грамм есірткі табылған

 Дастан Жұмабекұлы 11.06.2024 | 13:30
Атырауда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұзақ жылға сотталды
Фото: ortcom.kz

Атырау облысында аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері 10 жылға сотталды. Олар басқа өңірден келіп, Атырауда есірткі сатумен айналысқан.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, былтыр 26 қаңтарда Атырау облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 5 адамнан құралған қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі.

Топтың құрамындағы кәмелетке толмаған 17 жастағы күдіктінің алаяқтық дерегі бойынша мемлекетаралық іздеуде тұрғаны анықталды.

Ұсталғандардың барлығы Тараз қаласының тұрғындары болып шықты. Тексеру кезінде олардан 1 келі 200 грамм, яғни 4 мыңға жуық доза болатын синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ екі электронды ас үй таразысы, 7 электр таспасы, фольга мен басқа заттар анықталып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің мефедрон екені анықталды. Олар оңай жолмен пайда тапқысы келіп, Тараздан арнайы Атырау қаласына келген.

Дәлелдеме ретінде қылмыстық топтың ақшалай қаражатты туыстарының атына аударып, иемденіп отырғандары белгілі болды. Осы қылмысқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 25 сәуірде 1994, 2001, 2004 жылдары туған азаматтар 10 жылға сотталды. 2005 жылы туған азаматқа 7 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама