×

Бүгін футболдан Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары ойнайды

Ойын сағат 21:00-ден бастап Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

 Дастан Жұмабекұлы 11.06.2024 | 12:31
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бүгін Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында футболдан Қазақстан мен Әзербайжан елдері ұлттық құрамаларының жолдастық матчы өтеді.

Ойын сағат 21:00-ден бастап Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Осы кезге дейін ұлттық құрама командалары бір-бірімен 8 рет ойнаған. Оның екеуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, төртеуінде Қазақстан құрамасы басым түсті. Екі ойын тең нәтижемен аяқталған.

ФИФА рейтингінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас жаттықтырушының міндетін Руслан Балтиев атқарады. Ұлттық құрамаға жаңа тағайындалған бас жаттықтырушы Станислав Черчесов осы ойыннан кейін команданың тізгінін өз қолына алады.

Өткен аптада Қазақстан құрамасы Ереванда Армения құрамасынан 1:2 есебімен жеңілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама