×

ШҚО-ның екі тұрғыны сепаратизм үшін бес жылға сотталды

Олар жұртты референдум нәтижесіз болса, билікті күштеп басып алуға үгіттеген

 Дастан Жұмабекұлы 11.06.2024 | 12:15
Фото: Freepik

Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Тергеу кезінде күдіктілер биыл ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды. Олар адамдарды референдум нәтижесіз болса, облысты күштеп басып алуға үгіттеген, – делінген хабарламада.

Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді. Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот үкім шығарып, күдіктілерді 5 жылға соттады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама