Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркияның Анталья қаласындағы бір апталық жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлады olympic.kz.
Кеңейтілген құраманың жиыны бір аптаға созылып, боксшылар жағажайда жаттықты. Сондай-ақ Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды.
Субтропикалық климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты.
Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі.
Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Соның алғашқысы жақын арада басталады.