Halyq Uni логотип
×

Боксшылар Олимпиадаға соңғы дайындықты бастайды

Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды

 Дастан Жұмабекұлы 11.06.2024 | 11:55
Боксшылар Олимпиадаға соңғы дайындықты бастайды
Фото: Olympic.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркияның Анталья қаласындағы бір апталық жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлады olympic.kz.

Кеңейтілген құраманың жиыны бір аптаға созылып, боксшылар жағажайда жаттықты. Сондай-ақ Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды.

Субтропикалық климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты.

Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі.

Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Соның алғашқысы жақын арада басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама