Офицерлер мен дәрігерлер сотталған адамның түрінің өзгергенін көріп, жедел жәрдем шақырған
Павлодар облысында колония қызметкерлері камераның көмегімен сотталған адамның өмірін сақтап қалды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Павлодар облысы бойынша барынша қауіпсіз ҚАЖД №47 мекемесінің жасағында сотталғандардың бірі өзін нашар сезініп, төсегінде қимылсыз жатқан. Бейнебақылау бекетінің операторы сотталған адамның қозғалмай жатқанын байқап, кезекші нарядты осы жасаққа жіберген.
Колония қызметкерлері бөлмеге кіргеннен кейін ер адамның ес-түссіз жатқанын көріп, оны бүйіріне жатқызып, терезені ашқан. Оның қысымы жоғары болған. Офицерлер мен мекеменің медициналық қызметкерлері сотталған адамның түрінің өзгергенін көріп, инсульт алғанын түсініп, жедел жәрдем шақырды, – делінген ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі хабарламасында.
Жедел жәрдем келген соң ер адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Мекеме қызметкерлеріне сотталғанның әпкесі алғысын білдірді.
Дәрігерлер анықтағандай, мекеме қызметкерлерінің уақтылы көмегі ер адамды құтқарып қалды.
Бүгінде елімізде 43 мыңнан астам камера орнатылған колония бар. Камераның көмегімен талай адам ажалдан аман қалып жатыр.