×

Карлос Алькарас алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирін жеңіп алды

Ол финалда әлемнің 4-ракеткасы, германиялық Александр Зверевті жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 11.06.2024 | 10:46
Фото: REUTERS - Stephanie Lecocq

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды.

Ол финалда әлемнің 4-ракеткасы, германиялық Александр Зверевті 6:3, 2:6, 5:7, 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Осыған дейін Алькарас 2022 жылы US Open, былтыр Уимблдон турнирінде үздік шықса, енді оған Australian Open жарысының жеңімпазы атағы ғана жетпей тұр. Сонымен қатар испаниялық спортшы түрлі төсеніштегі үш бірдей «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алған ең жас теннисші болды. 

Карлос Алькараз 12 жасында «Ролан Гаррос» пен Уимблдон турнирлерінде жеңіске жетуді армандаған көрінеді. Енді сол арманы 10 жылға жетпей орындалып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама