Азық-түліктің бағасы түсіп, 17 млн теңгеден аса сома үнемделді
Қаржы мониторингі агенттігі Ұлытау облысының жалпы білім беру ұйымдарында азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасының негізсіз қымбаттауына байланысты тексеруді бастады.
Мысалы, Жезқазған қаласының 12 мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеке кәсіпкерлерден қымбат бағаға сатып алу фактілері анықталды.
Өндіруші зауыттан тұтынушыға дейінгі бағаның айырмашылығы:
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өнім берушімен қосымша келісімдер жасалды. Оның қорытындысы бойынша, нан, ұн, қант, өсімдік майы, айран, қарақұмық, күріш, сәбіз, пияз, тұз, жұмыртқа мен картоптың бағасы түсіп, 17 млн теңгеден аса сома үнемделді.