×

Таеквондошы Самирхон Абабакиров халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Ол 63 келі салмақта қарсыластарының бәрін жеңді 

 Дастан Жұмабекұлы 10.06.2024 | 17:18
Фото: olympic.kz

Таеквондошы Самирхон Абабакиров Люксембургте өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирден алтын медаль жеңіп алды.

Ол 63 келі салмақта қарсыластарының бәрін жеңді. 

Бұл – спортшының Азия аймақтық лицензиялық турнирден кейін қатысқан алғашқы турнирі. 

Еске сала кетсек, Абабакиров Париж Олимпиадасында 58 келі салмақта бақ сынайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама