Заңғар Нұрланұлы Азия теннис федерациясы рейтингінде көш бастады

Дастан Жұмабекұлы

Спортшы ITF Junior жарыстарында төрт титулды жеңіп алған

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Азия теннис федерациясының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингінде Заңғар Нұрланұлы бірінші орынға көтерілді.

15 жастағы теннисші ұпай санын 2 610-ға жеткізді.

Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар Нұрланұлы жекелей сында 6 матч ойнап, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.

Қазір Заңғар Нұрланұлының еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар. Соның үшеуінде атақты жекелей сында, бір титулды жұптық сында иеленген.