×

Талғарда той қонақтары әуеге автоматтан оқ атқан (ВИДЕО)

Кадрдан тойға көп адам келгенін байқауға болады

 Еркеғали Болатұлы 10.06.2024 | 15:27
фото: flectone.ru

Алматы іргесіндегі Талғар ауданында тойға келген қонақтар атыс қаруынан көшеде әуеге оқ атқан, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланған кадрдан тойға көп адам келгенін байқауға болады. Бұл жайт Алматы облысының Талғар ауданындағы жеке үйлердің бірінің жанында болған. Той кезінде көшеде тұрған бірнеше ер адамның әуеге оқ атқаны видеоға түсіп қалған. Видеоға облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді.

Құқықбұзушыларды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама