Экзитпол: Референдумға қатысушылардың 75 пайызы Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдады
Экзитпол нәтижесі бойынша референдумге қатысушылар 70,1% құрады
5 маусымда «Қоғамдық пікір» институты «31 арнаның» тапсырысымен республикалық референдумға қатысушылар арасында экзитпол өткізді. Сұрауға 24 мың респондент қатысты.
Сауалнамада республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, шағын қалалар және ауылдық елді мекендер қамтылды. Сауалнама 600 сайлау учаскесінде өткізілді. Сауалнама қателігі 2% шамасында.
Респонденттерге «Айтыңызшы, Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген бір ғана сұрақ қойылды.
Бұл сұраққа респонденттердің 74,8%-ы Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдадым, 25,2%-ы қарсы дауыс бергенін айтқан.
Экзитпол нәтижесі бойынша референдумге қатысушылар 70,1% құрады.