Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі қарсыласын таңдап қойғанын мәлімдеді
Джек Делла Маддалена жарақат алып қалды, Усман мен Колби жекпе-жекке шыққысы келмейді...
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі қарсыласын таңдады.
Джек Делла Маддалена жарақат алып қалды, Усман мен Колби жекпе-жекке шыққысы келмейді. Сол себепті Леон мен Белал арасындағы кездесуде жеңгенімен жұдырықтасуға дайынмын, - деп жазды Рахмонов X желісіндегі парақшасына.
Айта кетейік, 27 шілдеде UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпионы, британиялық Леон Эдвардс америкалық файтер Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу Манчестердегі (Англия) UFC 304 турнирінде өтеді.
Шавкат Рахмоновқа келсек, ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын. Осылайша, MMA спортындағы 18-жеңісіне қол жеткізді. Қазір қазақстандық файтер жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде 3-орында тұр.