Карина Мамаш күйеуі әр нәрсеге ашуланатынын айтты
Карина Мамаш дипломат күйеуінің абьюздік қарым-қатынасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Карина Мамаш күйеуі әр нәрсеге ашуланатынын айтты.
«Ол кез келген нәрсеге ашуланатын. Мысалы, «тамақты дұрыс пісірмедің», «біртүрлі қарадың», «бала тәрбиесімен дұрыс айналыспайсың» деп бірден ашуға салынатын. Біз БАӘ тұрған кезде ол таңертең балаларды мектепке апарып, түсте алып келетін. Яғни ол таңертең сағат 8:00-ден бастап, түске дейін ғана жұмыс істейтін. Олар үйге келгенде мен тамақтарын беремін, ал Сәкен ары қарай ұйықтайтын. Содан соң сағат 18:00-де тұрып, бірдеңе жеп алып, ары қарай ішуге кететін. Мен «сен ұйықтап ал, содан кейін балалармен бірге уақыт өткізейік» деп айтатынмын, бірақ ол елемейтін», - дейді Карина Мамаш.
Сондай-ақ Каринаның айтуынша, дипломат оған жұмыс істеуге тыйым салған.
«Мен одан ешқандай қолдау күтпеймін. Мен балаларды өзім қамтамасыз ете аламын. Ол 10 жыл бойы мені басып келді. Мен жұмыс жасағым келген кезде тыйым салды. Мүмкіндіктер болды, мені түсірілімдерге шақыратын. Бірақ ол әр түсірілім алдында мені ұратын. Сондықтан мен өзім бас тартатынмын», - деді ол.