×

Алматы облысында екі қызды көлік қағып мерт қылды

Mercedes Benz маркалы көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған екі қызды қағып кетті

 Халық үні 09.06.2024 | 23:15
фото: Halyq Uni

Алматы облысы Есік қаласында 14 және 3 жастағы екі қызды көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде жол апаты орнынан түсірілген видео пайда болды. Қайғылы оқиға 8 маусым күні сағат 21:10–да саяжай аумағында болды, делінген жазбада. 

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, 8 маусым күні Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатқан Mercedes Benz маркалы көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған екі қызды қағып кетті.

«Салдарынан кәмелетке толмаған екі қыз бала да сол жерде көз жұмды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама