«Су ішкен құдығыңа түкірме»: Жігер Ауыпбаевпен жұмысын тоқтатқан қойшы бала жаңа продюсерін таныстырды
Ол қазіргі уақытта Қанағат Меченбаймен жұмыс істеп жатыр.
Халыққа «Қойшы бала» лақап атымен танылған Айдос Кәден көпшілікке жаңа продюсерін таныстырып, жақында дуэт жаздыратынын айтты.
Ол қазіргі уақытта Қанағат Меченбаймен жұмыс істеп жатыр.
«Туысқан інім. Жұмыстары біткеннен кейін қолыма алып, әрі қарай бірге жұмыс істейтін болдық. Дуэт жазамыз», – дейді Қанағат Меченбай.
Желі қолданушылары жас таланттың Жігермен жұмыс істемей кеткеніне ашулы.
«Су ішкен құдығыңа түкірме», «Жігердің арқасында танылды ғой», «Мұның болмады, Жігер сен үшін бәрін істеді», – деп жазған желідегілер.