Бүгінде Қазақстанның барлық өңіріндегі аумақтық комиссиялар қазақстандықтардың даусын санауға кірісті
Референдумда қазақстандықтардың 68,44%-ы немесе 8 030 739 адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Өңірлердегі аумақтық комиссиялардың мәліметінше, сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республикалық референдумда сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 68,44 %-ы немесе 8 030 739 адам дауыс берді, - деді Мұхтар Ерман.
Сондай-ақ ол өңірлерге тоқталды.
«Ақмола облысы – 73,81%, Ақтөбе облысы – 58,06%, Алматы облысы – 72,83%, Атырау облысы – 67,68%, Батыс Қазақстан облысы – 69,37%, Жамбыл облысы – 69,59%, Қарағанды облысы – 77,39%, Қостанай облысы – 72,28%, Қызылорда облысы – 79,89%, Маңғыстау облысы – 61,19%, Павлодар облысы – 75,53%, Солтүстік Қазақстан облысы – 75,49%, Түркістан облысы – 80,66%, Шығыс Қазақстан облысы – 77,49%, Нұр-Сұлтан қаласы – 57,06%, Алматы қаласы – 33,30%, Шымкент қаласы 72,53% өз таңдауын жасады», - деді комиссия мүшесі.
Айта кетейік, республикалық референдумда 11 732 699 адам дауыс беруге қатысуға құқылы. Сондай-ақ 10 мыңнан аса учаске құрылды, оның ішінде 52 шет мемлекетте 65 учаске ашылды.