Қазір ол іздестіріліп жатыр
Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында журналист Гүлмира Абықай мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Германияда қазақ қызы жоғалды! Айгүл Сайлыбаева Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы, «Болашақ» түлегі. Ол күйеуі Александр Донцовпен бірге 2019 жылы елден кеткен. Өзінен біраз жас кіші, бірнеше шет ел азаматтығы бар күйеуімен әлемнің біраз елінде тұрып келген. Ресей, Американы айналып, соңғы кезде Германияның Бейншейм шаһарына тұрақтаған екен», – деп жазды журналист.
Соңғы 4 күннен бері елдегі туыстарымен байланысқа шықпаған Айгүлді бауыры Қанат Сайлыбаев іздеп шарқ ұрып отыр. Сорақысы сол, көзі ашық, көкірегі ояу судья әйел күйеуі мен енесінен шет елде тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп жүр дейді ағасы, – делінген жазбада.
«Қазір бұл мәселеге СІМ араласты, Бейншейм полициясына арыз берілді. Алайда, күйеуі әйелін көрмедім, білмедімнен әрі аспай отыр. Ал енесі Натальяны неміс полициясының өзі таппай жатыр.
Белгілісі, Айгүл мен Александрдың арасында 3 жасар Жаклин есімді қызы бар, ол Германия азаматы. Ал күйеу баланың кім екені, мамандығы мен жұмысы, табысы, жалпы немен өмір сүретінінен қайын жұрт еш хабарсыз екен», – дейді Гүлмира Абықай.
Көкшетауда 16 жастағы студент қыз жоғалып кетті. Ақмола облысында шопан жұмбақ жағдайда жоғалып кетті.