Теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 10 маусымда жабық болады.
ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сай, ҚХР-да «Айдаhар-қайықтары» мерекесін тойлауға байланысты 2024 жылғы 10 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылар және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілер енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы ескертіледі.