×

Маңғыстау облысында жол апатынан мектеп оқушылары көз жұмды

Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Халық үні 08.06.2024 | 20:56
фото: әлеуметтік желіден

Маңғыстау облысында 4 оқушы мінген автокөлік бетон бағанаға соғылып, 2 жасөспірім мерт болды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сай, оқиға Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында таңғы сағат 05:40 шамасында болған.

Апаттан Ақшұқыр мектеп лицейінің екі 9-сынып оқушысы қайтыс болды. Тағы бір оқушы ауруханаға жеткізілген. Енді бірі медициналық көмек қажет болмай, үйіне жіберілген. Олар да 8-9 сыныпта оқитын жасөспірімдер.

Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу талабына сай, өзге мәлімет жария етілмейді. 

Айта кететін жайт, жол көлік апатынан бетон бағанасы құлап, электр желісі үзілген. Соның салдарыран Ақшұқыр елді-мекенінде 43 тұрғын үй электр жарығынсыз қалған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Серіктес жаңалықтары

Сараптама