Еліміздегі барлық учаскеде дауыс беру аяқталды
Бүгінде қазақстандықтардың 67,62%-ы өз таңдауын жасады
Елорда уақытымен сағат 21.00-де барлық өңірдегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Сағат 21.00-де Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда, Ақтөбе облыстарындағы 1 858 учаскеде тұрғындар дауыс беріп болды.
12 өңірдегі 8 089 және 10 шет мемлекеттегі Қазақстан елшіліктері жанынан ашылған 12 референдум учаскесі жұмысын аяқтап, комиссия мүшелері дауыс санауға кірісті.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 7 936 655 адам дауыс берді, бұл дауыс беру тізіміне енгізілген қазақстандықтардың – 67,65%-ы.