Кәрім Жетіру төрт күн бойы іздестірілді
Ақтөбе облысында жоғалған баланың денесі табылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Іздестіру іс-шарасының төртінші күні кәмелетке толмаған Жетіру Кәрімнің денесі Юрта мейрамханасының маңындағы Елек өзенінен табылды, деп мәлімдеді полиция.
Тәртіп сақшылары, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізді. Баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылды. Оның ішінде құқық қорғаушылар, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, қызметтік иттер, 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары жұмылдырылды, – дейді ІІМ.
Сонымен қатар үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілді. Полицейлер тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады.
Алматы облысында жоғалған шетелдік табылды. Абай облысында жоғалған қыздың денесі табылып, анасы қамауға алынды.