Бас прокуратура осыған қатысты мәлімдеме жасады
Прокуратура К.Н.Көкірекбаевтың ісі бойынша үкімге наразылық енгізбек, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
07.06.2024 жылғы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Н.Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімін жариялады. Көкірекбаев топпен аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған болатын.
Көрсетілген соттың үкіміне прокуратура оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат келтіреді, – деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
2022 жылғы желтоқсанда Кәрім Көкірекбаевтың пара алу кезінде ұсталғанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеген еді.
Көкірекбаев «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшылығына 2019 жылғы тамызда келген. Бұған дейін 2018-2019 жылдары Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі, 2013-2018 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі лауазымдарын атқарған.
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі қамауға алынды. Қазақстанда барлық әкімді айырбастамай, ештеңе өзгермейді – депутат.