×

8 маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Республика бойынша желдің күшеюі, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

 Халық үні 08.06.2024 | 08:31
Фото: meteovesti.ru

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 8 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, еліміздің батысында, солтүстігінде – қатты жаңбыр жауады, мемлекетіміздің батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Қызылорда, Алматы, Жетісу облыстарында қатты ыстық сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, Атырау облысының шығысында, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама