Қуандық Бишімбаевтың әкесі полицияға арыз түсірді
Қазіргі уақытта бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде
Қуандық Бишімбаевтың әкесі интернетте ұлы екеуі туралы жалған ақпарат тарауына байланысты полицияға арыз берді. Бұл туралы елордалық ПД-ға сілтеме жасаған nur.kz хабарлайды.
«29 мамырда Бишімбаев Уәлихан Қозыкейұлы Астана қаласы ПД Сарыарқа аудандық полиция басқармасына ұлы Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы және өзі туралы әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жалған ақпарат тарату фактісі бойынша арызданды»", - деп жауап берді Астана қаласының полиция өкілдері ресми сауалға.
Аталған факт бойынша арызды Сарыарқа ауданы ПБ ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен тіркеді.
Қазіргі уақытта бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.