Еліміздің Сыртқы істер министрлігі зардап шеккен қазақстандықтың БАӘ-ден отанына оралуына көмектесті.
Қазақстандық дипломат әйелін 10 жыл бойы ұрып келген. деп хабарлады ҚазАқпарат.
Еске салайық, биыл 6 мамырда Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйеліне үнемі күш көрсеткені, тіпті жұбайының әпкесіне де қол көтергені туралы хабарлаған едік.
Ізін суытпай бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі зардап шеккен қазақстандықтың БАӘ-ден отанына оралуына көмектесті.
Карина Мамаш Қазақстанға балаларымен бірге ұшып келген. Оның анасы мен әпкесі де дағдарыс орталығына орналастырылған.
Осыдан бірер күн бұрын Карина Мамаш жеке басына қайта қауіп төнгенін айтты.
«Бүгін менің әжеме Гүлнара апа қоңырау шалды, ол Сәкенді үш жасынан тәрбиелеген үлкен келін. Менің әжеме қоңырау шалып, «Кеш болмай тұрып, Карина шағымын кері қайтарсын, әйтпесе Сәкеннің Астанада, тіпті Қазақстан бойынша да достары бар» екенін айтқан. Достары оны (Каринаны) адам танымастай етеді немесе өлтіреді», - деген. Осыдан соң күйеуінен жәбір көрген әйел желідегі парақшасында үндеу жариялады.
Аталған қауіпке байланысты Астана қаласының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.
«Азамат Карина Мамашқа қысым көрсету фактісі бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, полициядан тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылданатыны айтылды.