×

Ертең елордада автобустар түнде де жүре бастайды

Жолақысы 90 теңге болады

 Дәурен Ерболат 07.06.2024 | 17:36
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ертең Астанада автобустардың түнгі бағдары іске қосылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

9 маусымға қараған түні сағат 00:00-де елордада №201, 202, 203 автобустары жүре бастайды, - деп жазылған хабарламада.

Олар төмендегі бағдарлар бойынша жүреді:

  • №201 бағдар: Теміржол вокзалы – Пригородный тұрғын алабы;
  • №202 бағдар: Отау шағын ауданы – Жағалау;
  • №203 бағдар: Көктал-1 тұрғын алабы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы.

Қоғамдық көліктің қозғалысын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы онлайн бақылауға болады.

Автобустар түнгі сағат 00:00-ден таңғы сағат 6:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны – 90 теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама