Ертең елордада автобустар түнде де жүре бастайды
Жолақысы 90 теңге болады
Ертең Астанада автобустардың түнгі бағдары іске қосылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
9 маусымға қараған түні сағат 00:00-де елордада №201, 202, 203 автобустары жүре бастайды, - деп жазылған хабарламада.
Олар төмендегі бағдарлар бойынша жүреді:
- №201 бағдар: Теміржол вокзалы – Пригородный тұрғын алабы;
- №202 бағдар: Отау шағын ауданы – Жағалау;
- №203 бағдар: Көктал-1 тұрғын алабы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы.
Қоғамдық көліктің қозғалысын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы онлайн бақылауға болады.
Автобустар түнгі сағат 00:00-ден таңғы сағат 6:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны – 90 теңге.