Halyq Uni логотип
×

Астанада 610 шақырым кәріз желісі нөсерден соң толып қалған

Суды соруға 100-ден аса арнайы техника тартылды

 Дәурен Ерболат 07.06.2024 | 15:30
Астанада 610 шақырым кәріз желісі нөсерден соң толып қалған
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Елордада нөсер жаңбырдан соң 610 шақырым кәріз желісі суға толып қалған, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Қалада кәріз жүйесі 18 тазарту нысанынан, 1-жинақтаушы тоғаннан, 610,8 шақырым болатын кәріз желісінен тұрады. Олар аумағы 16,7 мың гектардан асатын жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз етеді. Алайда жаңбырдың көп жаууына байланысты олар суға толып қалған.

Астанада нөсер жаңбырға байланысты бірқатар көшеде су жиналып қалды. Қазір қала бойынша жаңбыр суын сору үшін 100-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Барлық коммуналдық қызмет жұмыс істеп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама