Париж Олимпиадасына 8 дзюдошы қатысады
Қазақстан құрамасы байрақты бәсекеде алтын жүлдеге қол жеткізе алмай жүр
Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын 8 дзюдошы қорғайды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Дзюдодан дүбірлі додаға іріктеу кезеңі толық аяқталды. Нәтижесінде жоғары ұпай жинаған 8 қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.
Бұған дейін Рио-де-Жанейро және Токиода өткен Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 6 спортшы қорғаған.
Биыл Париж Олимпиадасында дзюдодан 14 салмақ бойынша әлемнің 105 мемлекетінен 355 спортшы өнер көрсетеді. Тек Франция мен Жапония ғана барлық салмақта бақ сынайды.
- Франция – 14 салмақ
- Жапония – 14 салмақ
- Қазақстан – 8 салмақ
Ерлер
- 60 келі – Елдос Сметов
- 66 келі – Ғұсман Қырғызбаев
- 73 келі – Данияр Шамшаев
- 81 келі – Абылайхан Жұбаназар
- 100 келі – Нұрлыхан Шархан
Әйелдер
- 48 келі – Абиба Абужақынова
- +78 келі – Камила Берліқаш
- Аралас командалық сайыс
- 63 келі – Эсмигул Куюлова
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарынан алтын ала алмаған. Мысалы:
- Токио Олимпиадасы – 1 қола;
- Рио Олимпиадасы – 1 күміс, 1 қола;
- Бейжің Олимпиадасы – 1 күміс.