×

25 жыл бұрын қылмыс жасаған адам ұсталды

Күдікті Ресейдің Грозный қаласында қолға түсті

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2024 | 12:16
Фото: Halyq Uni

Павлодар қаласының полицейлері 25 жыл бұрын қарақшылық жасаған күдіктінің тұрған жерін анықтады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірге Ресей Федерациясының Грозный қаласында тұратын 55 жастағы ер адамды ұстаған. 

Тергеу мәліметтері бойынша күдікті 1998 жылдың тамызында Павлодар қаласында тапанша мен балта қолданып, 2 ағайындыға қарақшылық шабуыл жасап, «Ниссан» маркалы 2 көлікті иемденген, – деп хабарлады департамент. 

Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен. Содан бері Грозныйда тұрып келген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігінде адам оның кінәсі заңды күшіне енген соттың үкіммен танылғанша, осы уақытқа дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама