Корея президенті Қазақстанға келеді
Қос елдің басшылары қазақ-корей бизнес-форумына қатысады
Биыл 11-13 маусымда Корея президенті Қазақстанға келеді, деп хабарлады Ақорда.
Биыл 11-13 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп жазылған хабарламада.
Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр.
Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.